«Дикий Арман ұсталды»: Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде бір топ адамның ұсталғаны туралы видео жарияланды, олардың арасында Дикий Арман деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев те болды. Оқиға Нұр-Сұлтанда болды, деп хабарлайды Liter.kz.

Бұл оқиғаға Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

«Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері алты адамнан тұратын топты ұстады. Барлық тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп қысқаша айтып өтті Нұр-сұлтан ПД.

Полиция департаменті қылмыстың алдын алу үшін үнемі рейдтер жүргізіп жатқанын айтты.

Back to top button