NEET санатындағы жастармен TEDx форматындағы кездесу өтті

«Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастармен» (NEET санаты) TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс – шараның спикерлері ретінде, Л.Гончаров атындағы ҚазАЖА тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бекбол Разаман, «SRM Media Productions» негізін қалаушы Болат Срымов және HR маманы Жанна Абдукаримова сөз сөйледі.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігітуралы; Арт, PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасудағы рөлі туралы; жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары және т. б. жайында сөз болды.

whatsapp image 2021 07 12 at 15.30.42

Сондай-ақ, БҚО бойынша «Болашақ» ҚҚ директоры, «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру (NEET санаты)» жобасы жетекшісі Салтанат Тұманбаева,  «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы орынбасары Айгерім Серикжанова қатысты.

Аталмыш жобаның республикалық жетекшісі С.Тұманбаева: «Іс-шара NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатындағы жоба аясында ұйымдастырылып жатыр,шара барысында спикерлеріміз soft-skills дағдыларын дамыту, коммуникация және кәсіпкерлік бойынша өз білімдері  және жинаған тәжірибермен бөлісті. Осындай еркін форматтағы шаралар жастар үшін қызықты, әрі пайдалы деп ойлаймын. Сонымен қатар, жоба аясында  республика көлемінде «Жұмыс сұхбатына қалай дайындалу керек?», «Жұмысқа орналасу және жеке бренд» тақырыптарында онлайн семинар, «Жобаларды басқару», «Soft-skills және оларды дамытуәдістері» тақырыптарына онлайн тренингтер, «Коммуникативтік дағдылар» тақырыбына LIFE SKILLS ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында, БҚО Орал қаласында TEDx өткізу жоспарлануда» – деп атап өтті.

whatsapp image 2021 07 12 at 15.30.42 1

TEDx форматындағы кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеяларды тарату мақсатында Алматы қаласының Орталық демалыс паркінде ашық аспан астында, барлық санитарлық талаптарға сәйкес өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Back to top button