Н.Назарбаев: Пандемия әлемдік проблемаларды жұмыла шешуге болатынын тағы бір дәлелдеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің 160 елінің партиялары мен саяси ұйымдарының 500-ге жуық көшбасшысы қатысқан видеосаммитте сөз сөйледі.

Видеосаммит Қытай Коммунистік партиясы төрағасы Си Цзиньпиннің алғысөзімен ашылды.

Жақында өзінің жүз жылдық мерейтойын атап өткен Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) ұйымдастырып отырған әлемдік саяси партиялар саммитінің тақырыбы – «Халықтың бақыты үшін күрес: партиялардың жауапкершілігі».

06 07 202100003

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия өңірінен келген ең маңызды қонақ ретінде алғашқылардың бірі болып сөз алды.

06 07 202100001

– Құрметі әріптестер! Саммиттің тақырыбы өте маңызды. Мен басқаратын «Nur Otan» саяси партиясы да осы бағытта жұмыс істейді. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде біз партиямыздың негізгі ұстанымын мықтап айқындап алдық. 30 жыл дегеніміз көп уақыт емес, бірақ, біздің жетістігіміз аз болған жоқ деп сенімді айта аламын. Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш  ел болды. Біз азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін одан әрі жұмыс істей береміз. Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру, – деді Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы 2012 жылы «Жібек жолын» қайта жаңғырту туралы идеяны алғаш тастаған Си Цзиньпин мырза екенін де де ерекше атап өтті. Елбасы қазіргі әлемдегі саяси-қоғамдық ахуал туралы да пікір білдірді.

– Мемлекетаралық санкциялар және алпауыт едердің бір-біріне сенім артпауы бүкіл әлемде үлкен күмән мен күдік тудырып отыр. Бұлай істеуге болмайды. Алпауыт елдер бүкіл планета алдындағы жауапкершілікті сезінуі маңызды. Жиналып, талқылап, мәселені шешуі қажет. Халық қорқынышсыз, бейқам өмір сүруі керек. Жаһанды жайлаған пандемия әлемдік проблемаларды тек жұмыла шешуге болатынын тағы бір дәлелдеді. Саяси партиялар осындай жағдайда өз рөлін көрсете алады және көрсетуге тиіс. Оған қоса халықаралық қатынастардың заманауи моделі тең құқыққа, сыйластыққа негізделуі керек. Қазір әсіресе коронавирусқа қарсы вакциналарды бүкіл әлемге әділ әрі теңдей бөліп тарату өте маңызды. Қазақстан да қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақұлдау процесінен өтіп жатқан  QazVac вакцинасын жасап шығарды. Біз де тек өз халқымызды вакциналаумен шектеліп қалмай, басқа елдерге де қол ұшын бермекпіз, – деді Елбасы.

Back to top button