Дубайға тегін ұшпақ болған 25 жастағы азамат бас бостандығынан айырылды

Дубайға тегін және заңсыз ұшу әдісін ойлап тапқан азамат сот алдында жауап берді, – деп жазды Daily Mail.

tengritravel.kz сайтының жазуынша, оқиға ақпан айында болған, бірақ ол туралы қазір ғана белгілі болды. Ұлыбританияның 25 жастағы тұрғыны Ян Илунга (Yann Ilunga) досымен Манчестерден Дубайға бірлескен сапар туралы келісімге келеді. Ер адам рейске билет сатып алмай, БАӘ-ге қалай тегін ұшуды ойлады.

Ол үшін Илунга бұрын Лондонның Хитроу әуежайынан (LHR) Манчестерге (MAN) ұшып келген досының отырғызу талонындағы әуежай кодын телефоны арқылы өзгерткен. Алайда, қауіпсіздік қызметі құжаттың қате екенін анықтаған. Илунгаға қателік барын айтып, оны түзетіп келуге кеңес беріледі. Сол жерде Илунга рейске сәтті тіркелген басқа жолаушының атын біліп алады.

Кейінірек Илунга тағы да жалған билетпен ұшаққа отыруға тырысады, өзін сол жолаушының атымен таныстырады. Бірақ өтірігі бірден ашылады – қауіпсіздік қызметі оның төлқұжатын сұрайды. Илунга қамауға алынды, оның досы рейстен шығарылып, жауап алынды.

Сот Илунгаға бес айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ ол он күндік оңалту және 140 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Back to top button