Ұлытаудағы дала өрті: 3 ауылда Төтенше жағдай жарияланды

Дала өртінің өршуіне байланысты Ұлытау ауданының үш ауылдық – Жангелді, Ақтасты, Амангелді округінде Төтенше жағдай режимі жарияланды.

Облыстың Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 дала өрті тіркелді. Қазіргі кезде17 дала өртінің 10-ы сөндірілді. Оның үшеуі Ұлытау ауданының аумағында, екеуі Бұқар Жырау ауданының аумағында, біреуі Шет ауданында, екеуі Нұра ауданында, біреуі Осакаров ауданында және біреуі Қарқаралы ауданының аумағында.

Табиғи өрт ошақтарын сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағы жіберілді. Сондай-ақ өрт сөндіру жұмысын күшейту үшін Қарағандыдан 40 адам және үш бірлік техника (екі вахтовка және командалық-штабтық машина) шықты. Жаңаарқа кентінен 10 тонналық автоцистерна жіберілді.

Сонымен қатар Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан ер адамның өртенген денесі табылды.

«4 шілдеде Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде 1998 жылы туған ер адамның өртенген денесі табылды. Көз жұмған адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және дала өрттерін сөндіруге тартылмаған. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде», – деді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Back to top button