«Отандастар қоры» мен «Ұлттық волонтерлік желі» өзара меморандумға қол қойды

«Отандастар қоры» мен «Ұлттық волонтерлік желі» өзара меморандумға қол қойды

«Отандастар қоры»  мен «Ұлттық волонтерлік желі» өзара меморандумға қол қойды
ашық дереккөзі
961
«Отандастар Қоры» КЕАҚ және «Ұлттық волонтерлік желі» өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Отандастар Қоры» КЕАҚ Баспасөз-қызметі. Меморандумның мақсаты - Қазақстандағы еріктілер қозғалысына қандас жастарды тарту және қандастарды қолдау мақсатындағы еріктілер жұмысын ұйымдастыру. Алдағы уақытта аталған екіжақты келісімнің негізінде жоспар құрылып, әртүрлі бағыттағы жұмыстар атқарылады. Әсіресе, ерікті қандас студенттердің құрамын жасақтау, қандастарға ақпараттық қолдау көрсету, мәдени, білім саласындағы шараларды ұйымдастыру және тағы басқа жұмыстар қамтылады. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осыған орай, ел аумағындағы жастар азаматтық жауапкершілік танытып түрлі салаларда белсенділік танытты. Енді бұл қатарға қандас жастар да қосылмақ.  

Серіктес жаңалықтары