Жаңалықтар

БҒМ Тұрсынбек Қабатовтың министр туралы әзіліне жауап берді

Тұрсынбек Қабатовтың министр Асхат Аймағамбетовтің вакцина алуы туралы әзіліне Білім және ғылым министрлігі жауап берді, – деп жазды Tengrinews.kz.

Бірнеше ай бұрын Тұрсынбек Қабатов концерттерінің бірінде шенділердің арасынан QazVac қазақстандық вакцинасын алғашқы болып неге білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғанын айтып, әзілдеп еді. Әзілкеш вакцинаны бірінші болып кім алатынын үкімет отырысында қалай анықтағанын «болжап» көреді.

«Менің ойымша, тамызға дейін Президент барлығын жинап: «Вакцина шығардық. Енді халықтан емес, өзімізден бастайық» дейді. Сонда депутаттар: «Жоқ, бізде жақында сайлау, үгіт-насихат жүргізу керек. Уақытымыз жоқ» десе, әкімдер: «Бізде жылыту маусымы, жақында қыс. Біз вакцина ала алмаймыз. Одан да министрлер бастасын» деген болар. Содан Ауыл шаруашылығы министрі айтады: «Жақында егістік жинаймын. Мәселем өте көп». Араларындағы ең жасы Аймағамбетов отырады. Бәрі Аймағамбетовке қарап, ойлаған шығар: «Бәрібір балалар үйден, онлайн оқып жатыр. Студенттер де үйде. Одан да сенен бастайық. Сен де қашықтан жұмыс істейсің», – деп әзілдейді Т.Қабатов.

Жақында осы үзінді Tik Tok желісінде танымал бола бастады. Видео 185 мыңнан аса қаралым мен 7 мың лайк жинаған.

Министрдің баспасөз-хатшысы Мөлдір Әбдуалиевадан А.Аймағамбетовтің неліктен алғаш болып вакцина алғанын айтып берді.

«Tik Tok желісінде министрлер кабинетінен Асхат Аймағамбетовтің неліктен алғаш болып вакцина салдырғаны жайлы қалжың аралас видео тарай бастады. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасының өндірісін ғана емес, қолданысқа енуін де қолдауды талап еткен. Вакцинаны Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасады. Министр басынан вакцинаның жасалуына жетекшілік етті. Сондықтан клиникалық зерттеулерден бұрын әзірлеуші-ғалымдар вакцина салдыру жайлы шешім жасаған, ол отандық вакцинаны алуға бел байлады. Осылайша өз әріптестеріне қолдау көрсетіп, денсаулығын да қорғады», – деді баспасөз-хатшысы.

Білім және ғылым министрлігіндегілер Асхат Аймағамбетовтің бір жыл бұрын вакцина алғанын және ешқандай жанама әсері болмағанын айтты. Сонымен қатар, министрдің ағзасында антиденелер мөлшерінің жоғары екенін де қосты.

Back to top button