Abai TV арнасына – 1 жыл

Abai TV арнасына – 1 жыл

Abai TV арнасына – 1 жыл
ашық дереккөзі

Qazaqstan телерадиокорпорациясының құрамындағы Abai TV мәдени-ағарту телеарнасының ашылғанына 1 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арна мәдени-танымдық хабарлар, мәдени-ағарту бағытындағы деректі және көркем фильмдер, театр қойылымдары, дәстүрлі және классикалық музыка жанрлары бойынша хабарлар қорын ұсынады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорындағы» бейнематериалдар қайта өңделіп, тұрақты көрсетіліп келеді. Тұлғалар мен олардың құнды еңбектері, тарихи жәдігерлерді насихаттайтын бірегей арна. Бір жыл ішінде  Qazaqstan телерадиокорпорациясының дубляж бөлімі арқылы әлемнің ең үздік 144 көркем фильмі, 14 деректі фильм қазақ тіліне аударылып, Abai TV арнасынан ұсынылды. Телеарна Otau TV ұлттық спутниктік операторы, Alma TV, ID TV кабельдік желілері арқылы және www.abaitv.kz ресми сайты арқылы онлайн таралады.