ДенсаулықЖаһан

Исландия коронавирусқа байланысты шектеулерді толықтай алып тастады

Исландия коронавирусқа байланысты барлық шектеулерді алып тастады. Ел халқының  87 пайызы індетке қарсы екпе алған.

Исландияның Денсаулық сақтау министрі Свандис Сваварсдоттир 16 жастан асқан ел тұрғындарының 87 пайызы вакцинаның алғашқы компонентін, ал 48 пайызы вакцинаның толық курсынан өткеніне байланысты шектеу ережелерін алып тастауға болатынын айтты.

Сваварсдоттирдің айтуынша, Исландия Еуропадағы барлық коронавирусқа қарсы ережелерден бас тартатын алғашқы ел болуы мүмкін.

Back to top button