URKER-2021: TÚRKISTAN газеті – жылдың үздік басылымы

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық бәйгесі биыл бесінші рет өткізілді. Бәйгенің «Жылдың үздік газеті» номинациясында TÚRKISTAN  халықаралық саяси апталығы жеңімпаз атанды.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар аймақтардағы журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистердің мәртебесін көтеруге, белсенділігін арттыруға бағытталған. Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесіне құрмет көрсету.

Back to top button