967
Заңға түзету: бала отырған көлікте шылым шеккендер айыппұл төлейді
Заңға түзету: бала отырған көлікте шылым шеккендер айыппұл төлейді

Енді учаскелік полицейлер балалар отырған көлік салонында шылым шеккен тұрғындарға өз бетінше айыппұл сала алады. Парламент Сенаты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қабылдады.
Заң жобасында құқықбұзушылықтардың төрт түрін қарау және жаза қолдану бойынша учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері кеңейтіледі:- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруі;
- көлік құралдарында кәмелетке толмаған балалар отырған жағдайда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу ережелерін бұзу;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік бақылау ережелерін немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы;
- көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.