СДУ ректоры Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

Білім және ғылым вице-министрі қызметіне  Қуаныш Ерғалиев тағайындалды, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетінде (АҚШ) магистратура, ал Гарвард университетінде докторантура бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

2006 жылдан 2014 жылға дейін Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап қазірге дейін Сүлейман Демирел атындағы (СДУ) университеттің ректоры болды.

Қуаныш Асылханұлы министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Back to top button