Алматы облысында 60 полицей баспаналы болды

Пәтер кілттері Қазақстан полициясы күнінде салтанатты түрде табыс етілді

Алматы облысында 60 полиция қызметкері баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтер кілттері Қазақстан полициясы күнінде салтанатты түрде табыс етілді. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ляззат Тұрлашев, Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал -майоры Серік Кудебаев , «Отбасы Банк» АҚ облыстық филиалының басшысы Ғалымжан Шалғымбаев қатысты.

Бүгін біз Департамент үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. 60 қызметкерлеріміз өз баспаналарына ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, сондай-ақ «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрі әскери қызметшілерге ұқсас тұрғын үйді сатып алуда оны жалға алғаны үшін өтемақы төлеуді полиция қызметкерлеріне пайдалану мүмкіндігі туралы мәселеге бастамашылық етіп, оны үкімет қолдаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа, оның орынбасарларына, сондай-ақ Талдықорған қаласының әкіміне алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында біздің қызметкерлер жаңа үйден пәтер кілттерін алды,- деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Сонымен қатар, С.Күдебаев полиция қызметкерлері үшін тұрғын үйді сатып алуда «Отбасы Банк» маңызды рөл атқарғанын айтты.

2106231206158920g

Back to top button