816
«Әскерде қызмет еткіміз келмейді»: сарбаздардың шағымынан кейін тергеу басталды
«Әскерде қызмет еткіміз келмейді»: сарбаздардың шағымынан кейін тергеу басталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаздар шағымынан кейін тергеу басталды.
Әлеуметтік желіде рота жетекшісінің әрекетіне шағым түсірген сарбаздар жазбасы пайда болды.
"Біздің ротаға жақында ғана ауысып келсе де, ол адамнан шаршадық. Сарбаздарға кері әсер етіп, адамды моральдық және психологиялық тұрғыдан қажытады: кемсітіп, жануарларға теңейді. Дөрекі сөздер айтып, балағаттайды. Сарбаздар әскерде қызмет еткісі келмейді. Балағат сөз айтатындай ол кім? Сонымен қатар, заңсыз бұйрықтар береді, мысалы «Рота соғыста» (бұл кезде сарбаздар тұтқындар секілді жерге жатып, қолдарын басына қоюы тиіс. Бұл бұйрықты әжетханада да береді). Тіпті «Рота, темекі» деп айғайлайды. 5 секундтың ішінде ешкім темекі бермесе, бізді заңсыз бұйрық беріп, қинайды. Біз мұндай қорлық үшін әскерге қызмет етуге келмедік", - делінген жазбада.