Ақан Әбдуәлиев жаңа қызметке тағайындалды

Ол 2019 жылдан бастап қазірге дейін "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының" ректоры болды

Ақан Әбдуәлиев Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұйрыққа Мәдениет және спорт министрі қол қойды.

Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Алматы экономика және статистика академиясын, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының орындаушысы қызметінен бастаған.

2003-2004 жылдары «Қазақконцерт» РМҚК орындаушысы болды.

2005-2007 жылдары «Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі» РМҚК оқытушысы қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқытушысы болды.

2008-2015 жылдары «Ахмет Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» РММ директорының орынбасары, директоры болған.

2015-2016 жылдары «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК директоры қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Алматы облысы мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың тамызынан бастап қазірге дейін «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ректоры болды.

Back to top button