Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйел адамды мерт қылды деген күдікпен Қостанайдың 37 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Қазір оның кім екені анықталып жатыр.
- Қылмыс Баймағамбетов көшесінде болған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері анықталуда", - дейді департамент.