Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне бейне байланыс арқылы қатысты. «Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өткен жиынға Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етті, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан Президенті ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі алғашқы саммитінің төрағасы ретінде сөз сөйлеп, Біріккен Араб Әмірліктеріне және ИЫҰ Бас хатшысына виртуалды саммитті ұйымдастырғаны үшін барлық делегацияның атынан алғыс білдірді.
Жүктелуде...