Алексей Цой отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ОКҚ-да өткен брифинг кезінде 10 миллион қазақстандықты жаппай вакциналау туралы міндет орындалмаса, отставкаға кетесіз бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бұл әркімнің өзіне байланысты, әркімнің өз еркі деп жауап бергім келеді. Вакцина – ерікті элемент. Біз біреуді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру саясаты, ақпараттық қолдау көрсетіледі», – деп жауап берді Алексей Цой журналистің сұрағына.

Министрдің айтуынша, мәселе вакцинаның ерікті түрде салынатынында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы вакцинацияның қарқыны туралы айтқан болатын.

Back to top button