Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада екі бала өлімі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Өскемен қаласында 2018 жылы туған 3 жасар қыз бала көз жұмды. Ол жеке үйдің ауласындағы шұңқырға құлап кеткен. Тағы бір қайғылы оқиға Глубокое ауылында болған.
"9 маусымда Глубокое аудандық полиция бөліміне 3 жасар баланың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Кәріз құдығының қақпағы төңкеріліп, бала құдыққа құлаған, алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды", - деп нақтылады полициядан.ШҚО ПД деректері бойынша, осы екі факт бойынша материалдар белгіленген тәртіппен тіркелген, сараптама тағайындалған, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданатын болады.