17 жастағы қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте Жәнібек пен Батырдан асып түсті

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Еркебұлан Баққожа (3-0, 2 КО) Box.Rec тұжырымынша ең мықты проспект атанды. Ол үш жекпе-жектен кейін-ақ ең үздік бес боксшының тізіміне еніп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазір ол 19,98 ұпаймен тізімде Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов пен Айдос Ербосынұлы сияқты боксшылардан кейін бесінші тұр. Ал Жәнібек Әлімханұлы және Батыр Жүкембаевтан асып түсті.

ab942b22c39e6308995abbde54eaa980

Еркебұлан спорттағы мансабын 21 қарашада Алматыда бастаған, ол кезде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Қалған екі боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша, мықтылар қатарына кіру үшін оған алты раунд қана қажет болған.

Айта кетейік, 17 жастағы боксшының ісін New Names Promotions компаниясы жүргізеді. Оның басшысы беліглі бапкер Сағатбек Мұсаханов. Маман Али Ахмедов пен Жанқош Тұраров сияқты боксшыларды жаттықтырған.

Back to top button