Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Orda.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасай отырып. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Unique finance» шетелдік компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, «Pepsi», «Nike», «Microsoft», «Ford» және «BMW» сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына ақша инвестициялауды ұсынған. Бағалы қағаздардың орнына халыққа жалған акциялар беріліп, олардың қаражатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар иеленіп отырған. Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды.