«39 әйел, 89 бала және 36 немересі қалды». Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

Үндістанның Мизорам штатындағы әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы, 76 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы штаттың Бас министрі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Зиона Чана 13 маусымда түнде қайтыс болған, оның 39 әйел, 89 бала және 36 немересі қалды.

Ер адам қант диабеті мен гипертониядан зардап шеккені хабарланған.

Чана 1945 жылы 21 шілдеде дүниеге келген. Ол алғаш рет 17 жасында үйленген, оның отбасы әлемдегі ең үлкен отбасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Back to top button