ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Оған сәйкес, «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалды. «Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Жүктелуде...