Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолияның Президент сайлауында жеңіске жетті

Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолияның Президент сайлауында жеңіске жетті

Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолияның Президент сайлауында жеңіске жетті
ашық дереккөзі
569
Моңғолияның бұрыңғы Премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх 9 маусымда өткен президент сайлауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды kaznews.mn порталы. [caption id="attachment_148475" align="alignnone" width="640"]Хүрэлсүх Баян-Өлгей аймағы, Наурыз мейрамы[/caption] Моңғолияның президент сайлауына Моңғол Халық (республикашыл) партиясы атын ұсынған Ухнаагийн Хүрэлсүх 822 923 дауыс (67.8%), «Дұрыс адам» элоктораты коалициясы атын ұсынған Дангаасүрэнгийн Энхбат 246 955 дауыс (20,3%), оппозициялық Демократия партиясы атын ұсынған Содномзундуйн Эрдэнэ 72 800 дауыс (6%) жинаған. Сонымен бірге 71 921 бюллетень жарамсыз болып тіркелген. Еске салсақ, У. Хүрэлсүх демократиялық жолмен сайланған Моңғолияның алтыншы президенті.  width= Ухнаагийн Хүрэлсүх 2019 жылы Қазақстанға арнайы іс-сапармен келіп, Қазақстан Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен және Қазақстан Премьер-министрі А.Маминмен кездесіп, екі ел арасындағы достық қарымқатынасты одан ары нығайту мақсатында келіссөздер жүргізіп қайтқан болатын.  

Серіктес жаңалықтары