Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылғы 14 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«ҚР ҚІЖК-нің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда есептелетін 9 айға дейін ұзартылсын. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініштері ескерілмесін», – деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.
8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды, «күдіктінің бірқатар заң бұзғанына» байланысты үйден шығуға тыйым салуды сұрады.