Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмен түсіп қалды
Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмен түсіп қалды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде бір позицияға төмен сырғыды, – деп хабарлайды Sports.kz.
Жартылай орта салмақта Елеусінов 8-орыннан 9-ға түсті.
Айта кетейік, Данияр намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін өткен жылдың қарашасынан бері жекпе-жек өткізген жоқ.
Аталған жеңіс қазақстандыққа IBF Inter-Continental-дің вакантты чемпиондық белдігін алып келді.
Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады деп күтілуде.
Алайда ресейлік команда өзге кандидатураларды да қарастыруда.