Трамп коронавирусты “қолдан жасағаны үшін” Қытайдан $10 трлн талап етті

Дональд Трамп Қытайдан «зертханада қолдан жасалған» коронавирус үшін 10 триллион доллар талап етті.

Трамптың айтуынша, вирустың Ухань зертханасында жасанды түрде жасалғанына сенетіндердің қатары күн санап артып жатыр. Ол Қытайдың кінәсін 10 триллион долларға бағалады.

2df8f9ad 1e9b 45e2 b482 c5fb247f8111
Трамптың мәлімдемесі

Трамптың мәлімдемесін оның бұрынғы кеңесшісі Стив Кортес жариялады. АҚШ-тың бұрынғы басшысы коронавирустың шығуы туралы осы теориясын барлығы қолдай бастайды деп атап өтті.

Back to top button