Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен келіссөз тоқтатылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді zakon.kz.

Барлық вацина бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр, алайда AstraZeneca вакцинасын елге алдырту бойынша келіссөз тоқтатылды, өйткені вакцина туралы теріс пікірлер көп, – деді Есқалиев.

Ал Johnson & Johnson және Moderna вакциналарына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Pfizer-ге келетін болсақ, дистрибьютор келіссөзге қатыспайды, осыған байланысты нақты ақпараты жоқ.

Back to top button