Ендігі үміт – экотуризмде

Коронавирустың әлем бойынша жаппай таралуы туризм саласына ауыр соққы болды. Сарапшылар өткен жыл туризм тарихындағы ең дағдарысты жыл болды деп бағалады. БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) 2020 жылдың қаңтар-қазан айында халықаралық туризм 1990 жылғы деңгейге құлдырап, 70 пайызға дейін төмендегенін мәлімдеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, былтыр әлем елдері 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 900 млн туристі «жоғалтқан».

Дүниежүзілік туристік ұйым 2021 жылдың екінші жар­ты­сын­да туризм саласы ішінара қа­лып­қа келе бастайтынын бол­жа­ған болатын. Ал тұралаған са­ла­ның толықтай қайта қалпына келуі үшін әлі 2,5-4 жыл уақыт ке­рек екен. Алайда уақыт өте ке­ле туризм саласы коронавирус ен­гізген өзгерістерге қарай икем­деліп, нарықтың жаңа талап­та­ры­на сай бейімделе бастады. Бай­қағанымыздай, биыл әлем ел­дерінде ішкі туризм басым­дық­қа ие болып отыр. Яғни COVID-19 пандемиясы әлемдік масштабта жылдар бойы қалып­тасқан туристік бизнес меха­низ­мін бұзғанымен, ішкі туризмнің жаңа бағытының қалыптасуына ықпал ете алды.

Foto 1
Пандемияға байланысты мем­лекеттер өз шекараларын жа­ба бастаған соң all inclusive де­малыс түріне, қонақүйлерге де­ген сұраныс азайды. Есесіне де­малысты тау бөктерінде, таза ауада отбасымен өткізуді қолай көретіндер артты. Яғни бұрын ту­ристік компания ұсынған жер­лерге баратын туристер енді қай­да барып демалу қажеттігін өз­дері шешетін болды. Пандемия қа­ладағы қоғамдық орындар, му­зей, демалыс орындарына шек­теу қойғандықтан, бүгінде ха­лық демалыс күндері жақын жер­ге барып табиғат аясында де­малудың, жұмысты демалыс­пен ұштастырудың денсаулыққа пайдалы екенін түсіне бастады. Демалыстың мұндай түріне қы­зығушылықтың артуын табиғат ая­сында вирус жұқтыру қаупінің азаюымен де түсіндіруге болады.
Жалпы пандемия адамзат ба­ласының табиғатқа деген көз­қа­расын өзгертіп, оған қамқ­ор­лық­пен, жанашырлықпен қа­рау­ды үйретті. Тоқетерін айтқанда, каран­тин жағдайы экотуризмнің дамуына түрткі болды. Бүгінде әлем бойынша тұмса табиғат пен өркениет игілігін бірік­тіре­тін глэмпинг деп аталатын дема­лыс түрі үлкен қызығушылық туды­рып отыр. Foto 4

Биыл Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы Жүкей көлі жа­ғасында «Жұлдызды орман» ат­ты глэмпинг демалыс аймағы ашыл­ды. Жоба авторы Айнұр Қуа­нышқызының айтуынша, ін­дет­тің таралуы туризм саласын да айналып өтпеді. Тоқырауға ұшы­раған туризмнің екінші ты­нысы енді ашыла бастағандай.

«Бүгінде қалыптасқан жағдай ішкі туризмді дамытуға бағыт­тал­ған жобаларды іске асыруға үл­кен мүмкіндік беріп отыр. Біз­дің ойымызша, глэмпингтер же­лісін құру маңызды бағыт­тардың бірі. Қатаң карантиндік талаптарға сәйкес, көп адам таза ауада демалуға тырысады», – деді Айнұр Қуанышқызы.

Біржан сал ауданының кә­сіп­керлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Марал Шаужанова өңірде глэмпингті іске қосу эко­логиялық туризмді дамытудағы маңызды қадам екенін айтады.

«Глэмпинг – тұрмысқа қа­жет­ті заманауи заттармен жаб­дық­­талған жайлы орындар құ­рып, табиғатта демалғанды жөн кө­ретін жандарға арналған де­малыс орны. Табиғаты әсем, таза ауа әрі сыңғырлаған құстардың даусы бар біздің өңірге келетін демалушылар саны одан сайын арта түсеріне сенім мол», – дейді М. Шаужанова.

Дүниежүзілік туристік ұйым ауыл­­дық және экологиялық ту­ризм­ді дамытуды атап өткені бе­кер емес. Өйткені бүгінде эко­туризм жаһандық туризмнің 30 пайызына тең. Осы орайда қала өмі­рінен қажыған жұрттың таза ауа­да тыныстап, кәуап дайындап, ба­лық аулап, атқа мініп, вело­си­пед теуіп, киіз үйде ұйықтап, та­­биғи өнімдерді тұтынып, көңі­ліне қонымды іспен айна­лысуы­на жағдай жасайтын глэмпинг же­лісінің болашағы зор болары анық.
Отандық сарапшылар эко­ту­ризмнен бөлек этнотуризм са­ла­сының да сұранысқа ие болып отыр­ғанын айтады. Панде­мия­дан соң елімізде эко және этно­туризм бағыттары даму жолына түседі деп болжайды. «Сұл­тан­сері» этно өнер орталығының не­гізін қалаушы Сұлтансері Есен­таев карантин кезінде ішкі ту­ризмді дамытуды қолға алған кә­сіпкерлердің бірі. Ұлттық ойын­дар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып­тарымызды насихаттау арқылы құндылықтарымызды танытуды көздейді.
«Ұлттық ойындарға, дәс­түрі­мізге деген қызығушылық мені этно-орталық құруға жетеледі. Келу­шілер саны былтырғыдан да көп. Әрине, бұл қуантады. Әсі­ре­се ауылды, туған жерді сағын­ған­дар орталыққа келіп сағынышын басып жатыр. Жастар атқа міну, садақ ату, қыз қуу, бүркіт түсіру, сұңқар ұшыру, аударыспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойындарымыз мен дәстүрімізді көзбен көріп, куә болып жатыр», – дейді кәсіп­кер.

whatsapp image 2021 06 01 at 17.26.13 e1622787318881

Әшімхан
САПАРБАЕВ,
«Сарыағаш» шипажайының менеджері:

Халық ауырмайтын жол іздей бастады

– Коронавирус еліміздегі бар­­лық саланы қыспаққа алды. Былтыр қатаң карантин кезінде кейбір шипажайлардың есігіне қара құлып салынды. Биыл көк­темнен бастап олардың тамы­ры­на қан жүгіре бастады. Шипа­жай­лардың 80 пайызы қызмет­кер­леріне жалақы тауып бермек тұр­мақ, коммуналдық қызметіне ақша таппай қалды. Олардың дені қыста төлей алмаған қыз­мет ақыларын биыл көктемде тө­леп бітті. Карантин шаралары­ның біршама жеңілдеуі шипа­жай­лардың тынысын кеңейте бастады.
Әрине, өткен жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда биыл ши­пажайға келушілер саны ай­тарлықтай көп. Оған себеп биыл карантин шараларының жеңіл­деуімен қатар адамдардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастауы. Бұрын ауырып ба­рып ем іздейтін халқымыз ауыр­майтын жол іздей баста­ға­нын байқауға болады. Өйткені шипажайға биыл келушілердің көп­шілігі коронавируспен ауыр­мағандар. Сонымен қатар адам­дар өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына мән бере бас­тағанын көреміз, яғни сақтану шараларын жіті ұстанатын бол­ған. Ауырмаудың жолы оның ал­дын алу, денсаулықты күту, иммунитетті көтерудің қандай маңызды екенін түсінді. Шетелде күнге қыздырынып, теңізге шо­мылуға ағылатын жұрт енді ағ­заны емдеуге назар аудара бас­тады.
Негізінен Сарыағаш шипа­жайы минералды суының ас қо­рыту жүйесін, бүйректің со­зыл­малы қабынуларын, буын ау­руларын емдейтін табиғи ем­дік қасиеті бар. Сондай-ақ пара­финмен, балшықпен ем-дом жа­сай отырып, адамның бойын­дағы суықты шығарады, денедегі тұздарды ерітеді. Бұл әсіресе ті­зесі, белі, желкесі ауыратын­дар­ға таптырмас ем.
Демалушылар мен ем­делу­ші­лерді ең әуелі шипажайдың дәрі­герлері қарайды. Ең мықты за­манауи технологиялар мен жаңа сападағы аппараттар негізінде диаг­ноз қойылғаннан кейін ба­рып емдеу шаралары бастала­ды. Жалпы шипажайлар сан салалы ем жүргізеді. Соған сай қызмет ақы­сы да әртүрлі. Эконом-класс бір адамға 7-8 мың теңгеден бас­талады. Оған 25 шақты емдеу ша­расы, 4 мезгіл ыстық тамағы мен жатын орны кіреді. Сарығаш ши­пажайына келушілер енді Түр­кістан, Ташкент пен Самар­қанд қалаларына саяхаттай ала­ды. Ем ала отырып саяхаттау адам­ның тәнімен қатар жанын да емдейді.
Шипажайдан соң «10 күн ем алдым, енді ағзам тап-таза» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Ем қабылдағаннан кейін ағзаны күтіп, молырақ су ішуді әдетке ай­налдырған дұрыс. Құнарлы, пай­далы тағамдарды тұтыну ден­саулыққа оң әсерін тигі­зетініне коронавируспен күресте көзі­міз анық жетті.

Back to top button