Министр Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңа ректорын таныстырды

2021 жылғы 2 маусымда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кеңесіне қатысып, оқу орнының жаңа ректоры Дархан Біләловті таныстырды.

2021 06 04 10 51 24 e1622782411881

Министр жоғары оқу орнының бұрынғы ректоры Такир Балықбаев өте тәжірибелі басшы, бұрын Білім академиясын, Ұлттық тестілеу орталығын басқарған және білім және ғылым вице-министрі болғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Такир Балықбаевқа жемісті жұмысы үшін, университетті басқарған жылдары жаңа идеялармен өмірге көптеген жаңалықтар әкелгені үшін алғыс айтты. Такир Балықбаевтың басшылығымен еліміздің жетекші педагогикалық университеті халықаралық деңгейде дамығандығы, оған ұлттық және халықаралық рейтингтердің көрсеткіштері дәлел екендігі баса айтылды.

2021 06 04 10 50 50 e1622782386974

Жаңа ректор Дархан Біләлов – АҚШ-тың Солтүстік Батыс университетінде және Пенсильвания штаты университетінде білім алған, халықаралық ұйымдарда, Назарбаев Университетінде қызмет істеген білімді де білікті маман. Көптеген ғылыми және аналитикалық еңбектердің авторы.

2021 06 04 10 51 37 e1622782360580

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұдан әрі университеттің алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Қойгелдиев, университет ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Б.Әлмұхамбетов және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор В.Н.Косов университеттің бұрынғы ректоры Такир Балықбаевтың қызметіне жоғары баға беріп, оған алғыс айтты және оқу орнының жаңа басшысы Дархан Біләловке табыс тіледі.

 

Back to top button