Алматы қаласының Түрксіб ауданында қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше күнге ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды «Алматы жылыту желісі». Жөндеу жұмыстары 7 маусымда басталады. 7 маусымнан 11 маусымға дейін Сүйінбай - Қазақпаев - Беляков - Кожедуб; Свердлов - Хабаровск - Таштитов – Ордоникидже; Сейфуллин - Терехин - Дулатов - Ақан Сері; Клара Цеткин - Спасская - Қостанай - Нұрсая көшелерінде ыстық су өшіріледі. 7-18 маусым аралығында «Жұлдыз-2» ақшамауданында, сондай-ақ Ричард - Зорге - Молдағали - Чехов - Ақан Сері; Лавренев – Дөнентайда да ыстық су болмайды. Коммуналдық қызметтер уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қазандықтардағы жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымына дайындақ ретінде жоспарланған.
Яна РАХМАНОВА