Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шарын шатқалында қайтыс болған мұғалім Мерей Ибрагимовтың отбасына барды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметінің жетекшісі хабарлады.
«Министр марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Мерей Ибрагимов 29 мамыр күні Шарын шатқалына экскурсияға барғандардың қатарында болды. Жас мұғалім оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды», - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болғаны, тағы біреуінің із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын.