2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит Дубайдағы (БАӘ) бокстан Азия чемпионатында алған күміс медалін тағудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Левит - Қазақстандағы жалғыз Азия чемпионы. Ол 2009, 2015 және 2017 жылдары құрлықтық біріншіліктерде алтын медаль алған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыста бірде-бір алтын медаль алған жоқ.
Жүктелуде...