Елімізде учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ға артады — ІІМ

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы өсетіні туралы айтты.

«2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25% – ға өсті. Осы жылдың басынан бастап олардың көмекшілерінің жалақысы 30% – ға өсті. Қазір учаскелік инспекторлар 177-ден 260 мың теңгеге дейін жалақы алады. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап учаскелік инспекторлардың жалақысы тағы 30%-ға, ал олардың көмекшілерінің жалақысы 7%-ға арттырылады»,  –  деді Баймұқашев баспасөз мәслихатында.

Back to top button