Қазақстан боксшысы Данила Семенов қарсыласын 1 раундта құлатты

Қазақстан боксшысы Данила Семенов (2-0, 1 КО) Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, салмағы 146 килограмм тартатын тәжірибелі боксшыны 1 раундта құлатты.

Ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, алайжа Қазақстан боксшысы қарсыласын екі жарым минутта нокаутпен жеңді.

Осборн Мачимана – Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы (23-13-2, 17 КО). Ауыр салмақтағы боксшы осымен 14-рет жеңілді.

Осылайша, Данила Семенов кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Оның екеуі нокаутпен аяқталды. 21 жастағы Қазақстан спортшысы кәсіби боксқа өткен жылдың қазанында келген.

Back to top button