«Адамдардың бәрі ауласына тал ексе…». Нұрсұлтан Назарбаевтың табиғат аясындағы жаңа фотосы жарияланды

Әлеуметтік желіде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табиғатта серуендеп жүргенде түскен жаңа фотосы жарияланды.

«Егер адамдардың бәрі ауласына тал ексе, қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызылса, біз «жасыл» елге айналамыз. Жасыл желек – елді мекендердің «өкпесі», таза ауа, жанға сая. Біз оны болашақ ұрпақ үшін өсіреміз…», – деп жазылған Елбасының instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Сурет астына қойылған хэштегтен суреттің Нұр-Сұлтан қаласында түсірілгенін білуге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі🇰🇿 (@elbasy_nazarbayev)

Back to top button