Ақтөбе облысы коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, ал Маңғыстау облысы керісінше, «қызыл» аймаққа өтті. 22 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары бар. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы және Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары.⠀
Жүктелуде...