Ел мектептерінде соңғы қоңырау мен аттестат табыстау кезінде санитарлық талаптар сақталу керек. Білім және ғылым министрлігі мұндай шараларды тек далада өткізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды 24.kz. Мектеп әкімшілігі ғимараттың алдына санитайзерлер мен зарарсыздандыру құралдарын қоюға міндетті. Соңғы қоңырауда түлектердің туыстарына жиналуға тыйым салынған. Аттестат табыстағанда барлық оқушы 2 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс. Жиын уақыты 45 минуттан аспауы міндет. Айта кетейік, соңғы екі айда білім ордаларында өткізілген тексерістер нәтижесінде, 502 мектептің карантин режимін бұзғаны анықталды.
Жүктелуде...