Елордада қай жерлерде шомылуға рұқсат берілді – ТЖД жауабы

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның үшеуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

«Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза болудың 80% азаматтардың мас күйде шомылуына байланысты, сондай-ақ жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу болып отыр. Ыстық күндері жағажайларда демалушылардың саны мыңнан асып кетеді. Сондықтан әрбір азамат судағы қауіпсіздік ережелерін орындауы тиіс», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Есен Байыров.

Оның айтуынша, тексеріс комиссиясы елордада халық шомылатын 23 орынды анықтаған.

«Оның ішінде үшеуі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің қаулысына сәйкес рұқсат етілген орындар. Олар: «Орталық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары. Қалған 20 орынға суға шомылуға тыйым салынған», – дейді ол.

 

Back to top button