Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды Ranking.kz.
Компания "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес, министрліктердің халықпен қаншалықты деңгейде кері байланыс орнататынына зерттеу жүргізген.
Сондай-ақ, халықтың министрліктерге көңілдері тола ма деген сұрақтың төңірегінде де зерттеу жүргізіліпті.
Биыл 11 мамырда қазақстандықтар жұмысы қанағаттанарлықсыз деп берген жауаптардың ең көп үлесі Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі болған.
Сондай-ақ, одан бөлек аутсайдерлер үштігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бағаланған жауаптардың 36,7% - ы азаматтар пайдасыз деп таныды) және Сауда және интеграция министрлігі (35%) кірді.