Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды
ашық дереккөзі
Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда келді. Екінші рейс бірнеше сағаттан кейін келеді. Көмекті Үндістан СІМ Еуразиялық ынтымақтастық департаментінің басшысы Бандару Вилсонбабу мен Қазақстанның Делидегі Елшісі Нұрлан Жалғасбаев қарсы алды. 4 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге COVID-19 індетінің ушығуына байланысты ынтымақтастық туралы хабарлама жолдаған болатын.