Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдегі пәтердің төбесі опырылып түсті

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің төбе сылағы опырылып түсті. Бұл туралы сол үйдің тұрғындары хабарлады, – деп хабарлайды sputnik.kz.

Оқиға Lighthouse тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болған.
Дәл сол сәтте пәтер тұрғындарының бірі бөлмеде болған.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай олардың пәтерінде алғаш болып тұрған жоқ. 2020 жылдың наурызында басқа бөлмеде де төбе сылағы опырылып түскен.

Lighthouse тұрғын үй кешенін BI Group компаниясы салған. Алайда астаналықтардың пәтерінде нақты кім жөндеу жүргізгені әзірге белгісіз.

Back to top button