Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, – деп жазды Mgorod.kz.
Оқиға 9 мамырда сағат 04.20-да Строитель шағын ауданындағы 9 қабатты үйде болған.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылғы мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап түскен.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, қабырғасы сынған.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші мас болған. Ол Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.