320
Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды
Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады.
«Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес, Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №70-ө өкімімен Б.Ш.Омаров бұзушылықтар үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылғаны анықталды», – деп хабарлады ҚР МҚІА баспасөз қызметіндегілер.