Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech және Zoetis жануарларға арналған вакциналары кірді. Іс-шара онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ТАСС. Америкалық және германиялық Pfizer/BioNTech компанияларының вакцинасы "өте жоғары бағаланды". Moderna сонымен қатар "вакцинаның ең жақсы жаңа технологиясы/платформасы" номинациясында да жеңімпаз атанды.
Жүктелуде...