Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ
ашық дереккөзі

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz.

Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық теңгені енгізу ұлттық төлем жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз етуге және қолма-қол ақшамен есептесуге тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді, - дейді Ұлттық банк.
Қазіргі уақытта ҚРҰБ цифрлық валюталардың артықшылықтары мен тәуекелдерін, олардың эмиссиясы мен таралу тәсілін, пайдаланылатын технологияларды, ақша-кредит саясатын, қаржылық тұрақтылық және төлем қызметтері нарығына әсерін жан-жақты зерттеп жатыр.