Алматыдағы халықаралық әуежайды Түрік компаниясы сатып алды

Алматыдағы халықаралық әуежайды Түрік компаниясы сатып алды

Алматыдағы халықаралық әуежайды Түрік компаниясы сатып алды
ашық дереккөзі
Әуе айлағының баспасөз қызметі TAV түрік компаниясы сатып алу жұмыстарын толық аяқтап, Алматы халықаралық әуежайын басқаруға кірісетінін хабарлады. TAV компаниясы әуежай мен онымен байланысты кәсіпорындардың 85% акцияларының бенефициарлық иесі болады. Акциялардың қалған 15%-ы Vpe Capital басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі. TAV Airports Президенті және бас атқарушы директоры Сани Шенердің айтуынша, әуежайдың өсу әлеуеті зор. Алматыны өңірдің іскерлік астанасы, ал Қазақстан мәдени мұрасы бай және туристік әлеуеті жоғары ел ретінде ілгерілеуі қажет екенін де тілге тиек етті.
Біздің тәжірибеміз Алматының әлеммен байланысын кеңейтуге көмектеседі. Мысал ретінде айтсақ, Грузиядағы әуежайларды басқарған он жыл ішінде біз бағыттар санын екі есеге, жолаушылар ағынын жеті есеге арттырдық, — деді ол.
TAV Airports әуежайлардың барлық салаларында кешенді қызмет көрсетеді және 26 елде 91 әуежайы бар. TAV Airports - Groupe ADP мүшесі және әуежайларды басқаратын жетекші халықаралық платформаның бөлігі. Компанияның акциялары Стамбул қор биржасында листингтен өтті.