Нұр-Сұлтанда героин саудасымен айналысқан 53 жастағы әйел ұсталды

Нұр-Сұлтанда героин саудасымен айналысқан 53 жастағы әйел ұсталды

Нұр-Сұлтанда героин саудасымен айналысқан 53 жастағы әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан полицейлері есірткі саудасымен айналысатын әйелді ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "27-29 сәуір аралығында елорда аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осылайша, жедел іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері елорда аумағында есірткі жеткізу және өткізу арнасын жойды. Күндізгі уақытта кафенің жанында 53 жастағы есірткі сатушы әйел ұсталды. Жеке тінту кезінде әйелден сатуға дайындалған героині бар 7 полиэтилен түйіншек табылды. Сондай-ақ, әйелдің үйін тінту кезінде салмағы 2,71 грамм героин табылды. Тәртіп сақшылары барлығы 100-ге жуық бір реттік героин дозасын тәркіледі", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі. Күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі "есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.