Жаңа қаулы: Тағы бір қалада карантин қатаңдатылады

Жамбыл облысы санэпидбақылау департаментінің ресми сайтында өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша облыс орталығы – Тараз қаласында карантин күшейтіледі.

Құжатқа сәйкес, қалада жаппай және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, үй-жайларда және көлікте масканы міндетті түрде кию талап етіледі. Кеңселер мен ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылады. Жұмыспен қамту бөлімдері, банктер және «Қазпошта» бөлімшелері 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.

Қаулы 30 сәуірде күшіне енеді. Айта кетейік, соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың 69 жаңа жағдайы расталды. Аймақ инфекцияның таралу қарқыны бойынша «сары» аймақта

Back to top button