323
Қазақстан БАӘ өндірген Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды
Қазақстан БАӘ өндірген Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды

«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының партиясын сатып алды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Sinopharm» компаниясы ұсынған вакцинаның бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.
Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады.
Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:
- 2021 жылғы 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;
- 2021 жылғы мамыр айында 600 000 доза.